Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Жас құтқарушылар үйірмесі

Жас құтқарушылар

4 маусым күні  Астана қаласы №72 мектеп-лицейінде «Жас құтқарушылар» үйірмесі ашылды.

         Жас құтқарушылар үйірмесінің негізгі мақсаты балаларға  төтенше жағдай орын алған сәтте қажетті әрекеттерді қолдануға үйрету, тәжірибелік білімін тереңдету. Жас құтқарушылар құрамына 4 сынып оқушыларынан 15 бала қабылданды. Құттықтау сөздерінен соң, оқушыларға ТЖ департаменті жайында видеосюжет көрсетілді.

8 маусым оқушылар өрт қауіпсіздігі ережелерімен толықтай танысып,  тәрбиешілермен «Өрттен абай бол»  атты әңгіме өрбітті. Осы күні жас құтқарушылар «Өрт - тілсіз  жау» фильмін тамашалады. Бұл фильм төтенше жағдай орын алған сәтте қажетті әрекеттерді қолдануға және өзін ғана емес, қоршаған адамдарды да құтқаруға көмектесуге үйретеді.

9 маусым Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына саяхат. Мұражай бұрынғы №2 Мамандандырылғын өрт сөндіру бөлімінде  орналасқан. Жаңа орынжай кең, мұнда 3 негізгі бөлім бар. Көрме залында Астананың өртке қарсы қызметінің құрылу тарихымен таныстық. Департаменттің құрылған күнінен бастап барлық басшылардың өмірбаяны жазылған стенд жасалған. Залда 1950 жылы Астанадағы алғашқы өрт сөндіру депосының макеті, офицерлердің салтанатты киімі, өрт сөндірушердің жауынгерлік киімдері, өрт сөндіру-техникалық қару жарақтары: өрт сөндіру оқпаны мен өрт сөндіру жеңі бар.
Сонымен қатар, шара барысында жиналған оқушылар құтқарушылардың техникасы мен құрал-жабдықтарын үлкен қызығушылықпен қарап, танысты. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырылуы балаларға патриоттық тәрбие беруде және жас құтқарушылар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттауда үлесі зор.
























































Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0