Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Педагогикалық кеңес

№80 мектеп-гимназиясында 3 қыркүйекте 2016-2017 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі өтті.
 №1 педагогикалық кеңес тақырыбы - Білім саласындағы реформалар: мазмұнды жаңарту, үштілділік және көшбасшылық арқылы кәсіби дамуға бет бұру. 
Мақсаты: Реформаларды іске асыру мақсатында нәтижеге бағытталған нақты іс-шаралар құру, талқылау және жауаптылар мен орындалу мерзімдерін бекіту.
Міндеттері: 1 сыныптарды оқыту жоспарларын, бағалау жүйесін реформа талаптарына сай ұйымдастырып, бекіту және жалпы оқу мен тәрбие, психология әдістеме жұмыстарын оқушының тек қана академиялық білім алып қана қоймай, оны өз өміріне қолдануға бағыттау.
1. Мектепішілік оқу ісі, ғылыми-әдістемелік, тәрбие ісі мен психология саласының жұмыстарын жаңашаландыруға  байланысты ой-талқы жүргізіп, сараптаудан кейін жоспарларды бекіту.
2. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы іс-шаралар жоспарын бекіту.

Күн тәртібінде:
1. Реформалауға байланысты Жоғары органдар ұсынған барлық нормативті құжаттамалармен, талаптармен таныстыру.
а) 1 сыныптардағы жаңартылған білім мазмұнын енгізу мәселесі;
б) ағылшын тілі пәнін бірінші сыныптарға оқыту және үштілділік мәселесі;
с) оқушылардың білім жетістіктерін критериалды бағалау;
д) 9 сыныптарда "Дінтану негіздері" курсын енгізу туралы.
                                    Мектеп директоры, Жарменова Гүлмира Сергазиевна.
2. Оқу жоспары бойынша сағат сандарындағы өзгерістер мен мұғалімдердің жүктемесі, сынып жетекшілік, кабинет меңгерушілері мен жауаптыларын бекіт және әрбір педагог қызметкерлердің қызметтік бұйрықтары жайлы міндеттемелерімен таныстыру.
                                     Оқу ісі орынбасарлары.
3. Елімізде болып жатқан реформаларға сай мектептің жұмыс жоспарын түбегейлі өзгертіп, басқару менеджменті мен бақылау жүргізуді жаңашаландыру.
                                      Директордың ҒӘО, М. Р. Рахымбаева
4. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, сонымен қатар Тіл мерекесіне байланысты іс-шаралар мен жауаптыларды бекіту.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. К. Базарбаева

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь