ОТБАСЫ күніне орай мектеп – лицейде мектеп психологтары Мөлдір Әбдіғалиқызы6 Гүлсім Сеилбековнаның ұйымдастыруымен «ИНТУИЦИЯ» ойыны өткізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні.9 –ші қыркүйек ОТБАСЫ күніне орай мектеп – лицейде мектеп психологтары Мөлдір Әбдіғалиқызы Гүлсім Сейлбековнаның ұйымдастыруымен «ИНТУИЦИЯ» ойыны өткізілді.Мақсаты,отбасындағы құндылықтарды сақтау, ана мен қыз бала арасындағы байланысты жандандыру. Ойын 5 кезеңнен тұрады, олар: отбасы хроникасы, 2 кезең «қане, мені тап!», 3 кезең «мен саған асығамын...», 4 кезең «әліппе», 5 кезең «маған таныс бейне» деп аталады. Әр кезеңде қатысушыларға қызықты тапсырмалар мен ойындар ойнатылды.
Ойынға 7 сынып оқушысы Атамұратова Ақтоты және анасы Қасымова Қамар, Рашиден Арна және анасы Көксеген Бақытгүл, Балташова Аружан анасы Абулгазинова Қарлығаш, Арыстанбекова Зересаруар анасы Арыстанбекова Гүлбаршын, Шайзада Жібек және әпкесі Тулеева Аружан қатысты. Жеңімпаздар алғыс хат, дипломдармен марапатталды. Балташова Аружан анасы Абулгазинова Қарлығашжеңімпаз деп танылды.
![]() |
![]() |
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау


