1 Қыркүйек-Білім күні
Биылғы 2016-2017 оқу жылында №15 мектеп-лицей оқушыларына 1 қыркүйек Білім күніне арналған алғашқы қоңырау соғылды. Биылғы Білім күні Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына бағытталады. Ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. Мерекеге келген қонақтар ата-аналарға, ұстаздар мен оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ақ жол тіледі.№15 мектеп-лицей директоры Жаркенов Бауыржан Қапарұлы өз құттықтауында биылғы оқу жылының ерекшелігіне тоқтала келіп, ата-аналарды, ұстаздарды, оқушыларды Тәуелсіздігіміздің және Ата Заңымыздың 25 жылдық мерей тойымен және бүгінгі Білім күнімен мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушылар мен бүлдіршіндерімізді құттықтап, қадамдарына сәттілік тіледі.
Мектебіміздің жас бүлдіршіндері мектепке, ұстаздарға, Отанға арналған тақпақтарын айттып, білім күнімен құттықтады және де 11 сынып оқушылары атыннан тақпақ айтқан бүлдіршіндерге сыйлықтар табыс етілді. Мектеп оқушылары қонақтарға, ата-аналарға, ұстаздарға өз өнерлерін көрсетті. Оқушылардың бірі би билеп, бірі ән айтты.

11сынып оқушылары бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, «Білім кілтін» табыс етті. Жас бүлдіршіндерге лента кесіліп, ақ жол тілеп, алғашқы сабаққа шығарып салды.

Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымыздың соңы «Менің өз отанымның патриотымын» атты алғашқы сабаққа ұласты.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау