Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында Ата-аналар конференциясы

  2016ж.  Қыркүйек айының 10-ы күні №52 мектеп-гимназиясында  Қазақстанның отбасы күніне арналған 21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы   «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек»  Республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.                              

     Мектеп директоры Ұ.Б. Байтасова өзінің құттықтау сөзімен конференцияны  ашып, психологиялық тұрғыда балаларына қолдау жасаудың маңыздылығын айтып, келген ата-аналарға ризашылығын білдірді.Директордын тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Л.С.Аппазова бүгінгі конференцияның ата-аналарға қаншалықты көмегі бар екенін, ата-аналардың мектеп өміріне белсенділік танытуларын ұсынды.      

 


Одан әрі мектеп психологы Ұ.Қ. Беркімбаева конференцияны жалғастырды. Ата-аналардың бүгінгі конференцияға келіп қатысқандарына алғыс айта отырып, бүгінгі ата-аналар конференциясының міндеті – отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау. Бұған әрбір қазақстандық отбасы мүдделі екенін айтып түсіндірді.Баланы мектепте оқытуға бейімдеу жөнінде слайдтар,бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар мектеп өміріне бейімделу кезеңін әр баланың бастан өткеретінін туындайтын қиыншылықтардың болатыны жайлы мағлұматттар айттып өтті. Мысалы: мектепке барған алғашқы уақыттарда балалардың жағдайы нашарлауы мүмкін. Олар мазасыз, үрейлі, ашуланшақ, гиперактивті немесе гиперпассивті болуы мүмкін. Денсаулық жағдайы нашарлауы мүмкін. Бірақ біраз уақыттан кейін (біреулерде ерте, біреулерде кеш) барлығы қалпына келетіндігі айтылды.     

Психолог «ӘКЕ, МЕНІ ВАЛЬСҚА ШАҚЫР!» бейне-ролигін ата-аналармен бірге көруді ұсынды. Әкесі мен қызы қарым-қатынасындағы жылылық пен махаббатты сезіне алдыңыздар деп үміттенемін. Мен осында отырған әрбір әкеге өз балаларыңызбен қарым-қатынаста дәл осылай бақытты болуды тілеймін. 

Конференция барысында Отбасы институтының әзірлеген бірнеше видеороликтер: «Мейірім», «Ваза», «Айқайлаушы ата-аналар», «Менің Қазақстаным», «Үштілділік», «Қаржы орталығы», «Менің отбасым»,- көрсетілді. 1-сынып ата-аналарына арналған кітапшалар таратылды. Конференция соңында Отбасы институтының директоры Л.С.Евдокимованың ата –аналарға арналған тілегі тыңдалды. Психолог  ата-аналарға  және мектеп табалдырығын аттаған балаларына  сәттіліктер тілеп, бүгінгі конференциядан алған ақпараттары алдағы уақытта өз көмегін беретіне сенім білдірді.Ата-аналар  осындай конференцияның көп көмегі бар екенін айтып, мектеп әкімшілігіне, ұстаздарға алғысын білдірді.

 

Мектеп психологтары: Беркімбаева Ұ.Қ. Әлжанова Ә.М

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь