«Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталық
Отбасы күніне «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апталықтың мектепішілік іс-шаралардың анықтамасы
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбындағы барлық сыныптарда жүргізілген бірыңғай тәрбие сағаттарында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойлары ортаға салынды. Сондай-ақ сыныптар арасында өз отбасы жайлы әртүрлі жағымды коллаждар жасалынды. Бірыңғай тәрбие сағаттарының қорытындысына сәйкес 7 «Б», «В», «Ә» сыныптарының жоғары деңгейде ұйымдастырғанын атап өтуге болады.

Мектеп фойесінде кітапханашылар Ш.Е. Әбдіқалықова, П.Н.Тасболатованың жетекшілігімен «Отбасы-өмір айнасы» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, 7 сыныптар арасында «Менің отбасым» атты мектеп педагог-психологы М.Е. Дүкенбаеваның ұйымдастыруымен арттерапия жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың отбасылық қарым-қатынасын анықтау. Нәтижесі шығарылып, сынып жетекшісіне таныстырылды. Қалыпты отбасының көрсеткіші жоғары деңгейді көрсетті.

10.09.2016 күні педагог-ұйымдастырушы Г.С. Сариева мен дене шынықтыру пән мұғалімдері А.Қасенов, Д. Алдабергеновтың ұйымдастырумен 7 сыныптар арасында «Мен және менің отбасым» атты отбасылық спорттық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Нәтижесінде 7 «А» сыныбы 1 орын, 7 «В» сыныбы 2 орын, 7 «В» сыныбы 3 орындарымен марапатталды.


Сонымен қатар, әрбір сыныптарда «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.


Бірыңғай тәрбие сағаттарының қорытындысына сәйкес 7 «Б», «В», «Ә» сыныптарының жоғары деңгейде ұйымдастырғанын атап өтуге болады.

Сондай-ақ отбасы күніне байланысты ұйымдастырылған қалалық «Отбасылық дуатлон» іс-шарасына 9 «Ә» сынып ата-аналары Шахпутов Қасымхан отбасы (әкесі және анасы, баласы) велосипед тебуден жарысқа қатысты. Нәтижесінде жүлдегер атанып, велосипед ұтып алды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
