Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Тіл - ұлттың жаны

Тіл мерекесі еліміздің ең жарқын мерекелерінің  бірі, себебі тіл-ұлттың жаны, халықтығының асыл бейнесі,тыныс тіршілігінің көзі. Осындай мәртебелі мерекеге бастауыш  сынып  бірлестігі  өз  үлесін  қосты. 1-ші  сынып  жетекшілері  «Тілім-тірегім» атты үнпарақ шығарса, 2-4 сыныптарда   «Мәнерлеп  оқу» сайысы  болды.

 2-ші  сыныптар  бойынша 1-орын – Ошақбай Әмина сынып жетекшісі: Шингина Ажар.

3-ші сыныптар бойынша 1-орын–Асан Мейіржан сынып жетекшісі: Ахметкалиева Мара. 

4-ші сыныптар бойынша 1-орын –Барлықбаев Арыстай сынып жетекшісі: Кажуева Айсұлу Хайыргелдіқызы.

Оқушылар  көркем  шығармаларды  нақышына келтіріп  оқып, өз білім-біліктерін көрсетті. Осы игі іс-шараны  ұйымдастырған  бірлестік жетекшісі Аубакирова Маржан Қалтайқызы.

Апталық соңында барлық  сынып  жетекшілері  тағылым-таным  сағаттарын өткізді. Әр оқушы  ана тіліміздің  ғажаптығын  түсінді. Тіл мәртебесі  мәңгілік биік болсын!






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь