Отбасы күні
10.09.2016Отбасы беріктігі мен татулығын насихаттау мақсатында отбасы апталығы аталынып өтті.
Отбасы апталығын ұйымдастыру және өткізу бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланып, ұйымдастырылды.
Қыркүйек айының 5-і күні «Отбасы» апталығының басталғандығы жарияланып, жауапты мұғалімдерге белгіленген іс-шаралар жоспары таныстырылды.
Педагог-ұйымдастырушы Ұ.С.Абжалова «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында бұрыш әзірледі. Бұнда оқушылар мен ата-аналар отбасы, ата-ана, бала, туыстық қатынастар туралы айтылған «Ұлылар ұлағатымен» және «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» жайында ой-толғаулармен таныса алды.
6-7 сынып оқушыларының арасында өткен «Менің отбасым» атты сурет байқауы өтті. Жұмыстар арасынан тақырып мазмұнын ашатын, сауатты салынған суреттер таңдалынып алынды.

9 қыркүйек күні «Берік отбасы-адамның сенімді тірегі» атты 1-4 сыныптар арасында, отбасылық сайыс өтті. Сайыс 6 түрлі ойын аясында өте тартыс өтті.Сайыс ата-аналардың қатысуымен өтіп,арқан тартыс,допты себетке лақтыру,баланы көтеріп жүгіру,тізеге допты қысып жүгіру,және мергендер доппен тигізу.Ойынға 4 отбасылық команда қатысты олар: Сериконовтар отбасы оқушы: Сериконов Саян, Қанапиянов отбасы оқушы; Жеңіс Мансұр,Амандық отбасы оқушы Амандық Аружан,Байзақов отбасы; оқушы: Байзақов Әлібек.Командалар атауы: «Жасқыран», «Тұлпар», «Қыран», «Сұңқар» топтары.Сайы қызу тартысты өтіп,балалар мен ата-аналардың арасын өзара жақындастыра түсіп,отбасының берекесін нығайта түсті.Нәтижесінде 1-орын «Жасқыран» тобы яғни Сериконовтар отбасы иеленсе,2-орынды «Тұлпар»Қанапияновтар отбасы,ал үшінші орынды «Қыран» тобы мен «Сұңқар» тобы йеленді.Ұйымдастыру Дене тәрбие мұғалімдері Есенәлі Н.Қошжанов А.Қойшыбай Б.

2-сынып оқушыларының аталары мен әжелері арасында 9-қыркүйек күні «Сүйікті немерем» атты байқауы өткізілді. Байқау барысында аталар мен әжелердің бала өміріндегі, тәрбиесіндегі алатын орны, ерекшеліктері туралы айтылып, іс-шара соңында байқауға белсенді қатысқан аталар мен әжелер марапатталынды.


Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено