«Еңбек түбі – береке» тақырыбында салтанатты жиын өтті
№59 мектеп-лицейде тілдер апталығы декадасының жабылуы және «Еңбек түбі – береке» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушыларды мейірімділікке, сүйіспеншілікке, жанашырлыққа баулу. Сонымен қатар оқушылардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін, тілдерді игеруге деген құштарлықтарын ояту, оларды еңбекке баулу,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Мектебімізде өткен іс-шарамыз үш тілде өткізілді. Басы мемлекеттік гимнмен басталып, оқушылардың дайындаған салтанатты іс-шарасымен жалғасын тапты.Мереке соңында оқушыларды апталық барысында қатысқан байқауларына байланысты алғыс хаттармен марапаттадық. Оқушылардың көздері күлімдеп, жүздері жылып, өте жақсы көңіл-күйге еленді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
