Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

22 қыркүйек күні № 38 мектеп-лицейде «Тілдер мерекесі» аталып өтілді. Мектебіміздің оқушылары қазақ тілін ғана емес елімізде өмір сүріп жатқан өзге ұлттардың да тілін құрметтейтінін көрсету мақсатында бірнеше шаралар ұйымдастырылды.

                     Ортақ мекен  жер  шары,
                     Төбемізде  тұр  аспан.
                     Барлық  ұлттың  баласы,
                     Достығымыз  жарасқан.

22 қыркүйек күні № 38 мектеп-лицейде «Тілдер мерекесі» аталып өтілді. Мектебіміздің оқушылары қазақ тілін ғана емес елімізде өмір сүріп жатқан өзге ұлттардың да тілін құрметтейтінін көрсету мақсатында бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде, атап өтерлік, кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті.Барлығы мектепте он үш 1-сынып болса, он үш оқушы үш тілде өлең шумақтарын айтып сайысқа түссе, әр сыныптан екі баладан өз өнерлерін көрсетіп, оқушыларды таң қалдырды. Мереке соңында барлық оқушылар әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Бұл мереке арқылы жас бүлдіршіндер өздерін көрермен алдында ұстауды, өнерлерін барлық достарының алдында паш етуді игерумен қатар, сахнада өздерін дұрыс ұстауды меңгере түсті. Тілдер мерекесімен барлық Қазақстандық азаматтарды құттықтаймыз, тілі басқа-тілегі бір, түрі басқа-жүрегі бір халқымыз аман болсын!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь