«ТӘЖІРИБЕДЕГІ РЕФЛЕКСИЯ» білім беру бағдарламасы
Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау дағдыларын жетілдіру.
Өзектілігі: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011– 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерімен үйлеседі.
Мектеп тренерлерінің басты рөлі:
- Кәсіби шеберлік және кәсіби даму;
- Тиімді оқытуға арналған жоспарлау;
- Оқытудағы уәждеу тәсілдері;
- Барлық мұғалімдерді жұмысқа тарту және тапсырма беру;
- Мониторинг, бағалау және кері байланыс;
- Бағалау әдістері. Мектеп тренерлеріне қойылатын талаптар (төменде курсивпен белгіленген) мұғалімдердің кәсіби дамуын ұйымдастыру және қолдау көрсетуде пайдалы болатын ақыл-кеңестермен бірге берілген.
Күтілетін нәтиже:
Барлығы: Топтық жұмысты қалай ұйымдастыруға болатындығын біледі
Көпшілігі: Топтық жұмыстың күрделі мәселелерді шешуге бағытталған тапсырмалардан тұратындығын түсінеді
Кейбірі: топтық жұмысты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушыларды белсенді оқуға итермелейді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
