Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

ХVIII қалалық тілдер фестивалі аясында жүргізілген іс шара

ХVIII қалалық тілдер фестивалі аясында«Абай –дара, Абай-дана қазақта» атты сап түзеу қыркүйек айының 19 да 7 «Б» сынып оқушыларының  ұйымдастыруымен өтілді.Сыныпта 28 оқушы.  Сынып оқушыларының 25-і қатысты.Қалған 3оқушы спорт сайысына қатысуына байланысты қалыс қалды.Оқушылар бір ауыздай атсалысып, алдын ала қажетті мәліметтерді жинақтады.Мектеп  кітапханасынан және мектеп филологгтарынан кеңес алу арқылы, сонымен қоса интернет материялдарын қоса отырып сап түзеудің жүру барысы алдын ала құрылды.Сап түзеу барысында ұстаздармен мектеп оқушылары тіл мерекесімен құттықталды. ҚР мемлекеттік тілі қазақ тілінің мәртебесі дәріптелді.Бірнеше оқушы тілдің құдіреті жайлы орыс,ағылшын,неміс, француз,қытай тілінде сөз сөйледі.  Сонымен қоса қазақ тілінің түркі тілдерінің ішіндегі гаухары деп айтып өткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының және елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқан сөздерімен толықтырылды. Қазақ халқының ұлы тұлғасы Абайдың өмірі мен еңбегі жайлы айтып өтті. Қорытынды барысында Абайдың бірнеше қара сөздерінен мысал келтіре отырып, өлеңдеріндегі талап,еңбек,терең ой, қанағат,рақым сияқты  жақсы қасиеттерді бойымызға  сіңірсек болашақта бізден халық қамын ойлайтын,тілі мен Отанын  сүйер азамат шығары сөзсіз дей келе «Сәлем саған Туған жер» әнімен аяқтады.

7 «Б» сынып жетекшісі: Серекпаева Айсұлу Хабидуллаевна


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь