Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Еуразия ұлттық университетінде өткен №48 мектеп-лицей күні

Бүгін біз тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Ата – бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, Отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз. Қазақстан өз еліміз, өзіміздің туған  жеріміз, өз Отанымыз. Сондықтан біздің қазіргі жас ұрпақтарымыздың  алдына қойған мақсаттары: елін сүю, елінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтау, өзінің кіндік қаны тамған жерін қадірлеу, құрметтеу болуы тиіс. Осыған орай қазан айының 10-шы  жұлдызы күні мектеп-лицейдің көркемөнерпаздар тобы  Еуразия Ұлттық Университеті ұжымына  «Тәуелсіздік – көптен күткен бақытым» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.  Биылғы тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына өз шығармашылықтарын  тарту еткен өнерпаздар ұжымы  құрметті қонақтар мен көрермендер қауымының ықыласына бөленді. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Тәуіржан Рахатұлы басқаратын «Шашу» халықтық би ансамблі ерекше шеберлік танытты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жұмашев Амантай Жұмашұлы басқаратын «Хор» ұжымы, сондай-ақ «Домбыра дастан» ансамблі де көрермен  ойынан шығып қуантты.









7 «Ә» сынып оқушысы Құдайберген Қасиетәлі, 4 «А» сынып оқушысы Мұхтар Ақерке,  3«В» сынып оқушысы Әшірбай Мирас орындаған әндер әр адамның жүрегін толқытып, жан дүниесін байытты. Осындай дәстүрлі, игілікті, мазмұнды іс-шаралар өз жалғасын таба берері сөзсіз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь