Салауатты өмір
Салауатты өмір салтын насихаттау, ұлт болашағы проблемаларын жеткізу мақсатында 1 ақпан күні 7 сыныптар арасында СӨСҚ орталығының медбикесі - Рахимова Омина Бахадырқызы дәріс оқыды. Дәрістің тақырыбы «Балалар арасында кездесетін семіздік» болды. Тақырыпты жете түсіндіру мақсатында дәрісте «Салауатты отбасын құрайық!» атты бейнебаян көрсетілді. Оқушылар жасқанбай өздерін толғандырып жүрген, түсінбейтін жайттарды сұрап, кеңес алды. Жедел дайындалатын тағамдармен тамақтану инсультқа, қант диабетіне, жүрек ауруларына шалдықтыратындары жайлы презентация көрсетілді. Мазмұнды жеткізілген дәріс әр оқушыға ой салып, дұрыс өмір сүру салтына көшуге әсер ететіні сөзсіз. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, жарқын болашаққа нық қадам жасауымыз керек. Сонда ғана еліміз үшін алынбайтын асу қалмайды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
