«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндіктің ашылуы туралы
Мақсаты: оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту, өмірдің адам үшін маңыздылығын жан - жақты ашу, өзін - өзі танып, өмірдің мәнін түсінуге, өмірге құштарлығын дамыту.
Мектебіміздің мәжіліс залында 2 ақпан күні «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндіктің ашылуы 1-7, 8-11 сыныптар арасында екі ауысымда салтанатты түрде өтті. Мерекелік жиында алдымен мектеп директоры Садықова Зауре Жақанқызы сөз сөйлеп, бұл пәннің қаншалықты маңызды екенін айтып өтті. Іс-шара барысында оқушыларға Сара Назарбаеваның өмірбаяны айтылып, Сара апамыз жайында бейнефильм көрсетіліп, оқушылар ән айтып, осы іс-шарадан жақсы әсер алып, шабыттанып, зор қуанышпен мәжіліс залынан келесі сабақтарына бет алды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
