Құттықтаймыз!
Өткен 2016 жыл - айтулы кезеңдерге толы болды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы, Ұлт - азаттық қозғалыстың 100 жылдығымен қоса, «Әліппенің» атасы, қазақтың бас ұстазы, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы да республика көлемінде аталып өтті. Республикалық Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академиямен бірлесе Астана қаласының Білім басқармасы мектеп оқушылары арасында «Ұшталған қалам» атты эсселер конкурсын жариялаған болатын. Астана мектептері бұл шараға барынша қатысып, ат салысты. Мектебімізден 10 «Ә сынып оқушысы Алмаз Абдикасимов пен қазақ тілі пәні мұғалімі Ляззат Ильясова өз жұмыстарын жіберді. Бүгінгі күні Астана қаласының №56 мектеп-лицейінде жеңіпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Алмаз бен ұстазы Ляззат Бақтыбайқызы сайыскерлер арасынан озып шығып, жүлделі І орынға ие болды. Шығармашыл мұғалім мен оқушымызды жетістіктерімен құттықтаймыз.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
