«Өзін – өзі тану» пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық апталықтың ашылуы
«Өзін – өзі тану» пәні бойынша «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық апталықтың ашылуы
Бүгін Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде 1 – 11 сыныптар үшін 2 – 12 ақпан аралығында өтетін «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты Республикалық онкүндіктің салтанатты ашылуы өткізілді.
Ашылу салтанатын мектептің «өзін – өзі тану» пәнінің мұғалімі Бекжанова С.С. ашып берді. Апталықтың жоспарымен де таныстырып өтілді. Осы онкүндікке жоспар бойынша көптеген іс – шаралар өтетінін, соған барлық оқушыларды қатысуға шақырды.
Бастауыш сынып мұғалімі Траксель Г.В. оқушылармен «қуаныш шеңберін» өткізді. Балалар бір-біріне жақсы тілектерін айтты. Жүргізушілер оқушыларды өзін-өзі тану жобасының авторы Сара Назарбаевың өмірбаяны, еңбек жолымен таныстырды.
Іс – шара соңында «өзін – өзі тану» пәнінің «Дорогою добра» Әнұраны хормен айтылды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
