Елбасы жолдауы талқыланды
Мектебіміздің салтанат залында кезектен тыс педагогикалық кеңес өтті. Жиналыстың басты мақсаты: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деген тақырыптағы ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлының жолдауын талқылау. Мектеп директоры Шәріпхан Қажытайұлы алғашқы сөзді өзі алды. Саяси мәні маңызды болған, бірқатар мәселелердің басын ашқан елбасы сөздерін тарата талқылап, жолдауға сәйкес жоспар құрып, соның негізінде жұмыс істеу керек деп баяндамасын аяқтады. Келесі кезекте география пәнінің мұғалімі Камшат Елтайқызы елбасы жолдауындағы бірінші басымдық бойынша өз ойымен бөлісті. Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Жазыбек Опиұлы елбасы жолдауының төртінші басымдығына тоқталып, үш тілділік жөнінде айта келіп, қазақ тіліне көбірек көңіл бөлу керектігін тілге тиек етті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Жамалиқызы, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Сәуле Зейноллақызы өз пікірлерін ортаға салып, елбасы жолдауын қолдауға шақырды.
Ұйымдастырушы педагог: Бақытжан Болатбек
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
