Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

МИФ (математика, информатика, физика) апталығы

     Астана қаласы, Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде  30.01-04.02.2017 ж. күндері аралығында МИФ (математика, информатика, физика) апталығы болып өтті. Аптаның алғашқы күні апталықтың жоспары көпшілік назарына ұсынылды. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті. МИФ апталығы аясында өткізілген іс-шаралардың барлығы оқытудың жаңа формасы негізінде жүргізілді. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сабақта және сыныптан тыс дамытуға, яғни, оқушылардың еркіндігін қалыптастыруға, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.
     Ашық сабақтар, интеллектуалды сайыстар, олимпиадалар өз деңгейінде өтті. Осы жылы бірлестікпен жоспарланған ашық сабақтар мен мектепішілік сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.
    03.02.2016ж күні  физика  пәнінен Кайсенова Валя Иман-Маликовна   «Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу» тақырыбында  8 «Ә» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақта    оқушылардың электр тізбегін құрастыра алу, өлшеуіш құралдармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, өлшеу нәтижелерін түсіндіру, қорытынды жасауға дағдыландыру туралы көптеген түсініктер берілді.
           
      Сонымен қатар, сыныптан тыс ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияда 8 «А» сынып оқушысы Пернебай Санжар «Қалдықтардан газ бен энергия өндіру зауыты – жаңа баламалы энергия көзі» тақырыбында ғылыми жоба қорғады. Ғылыми жобаның маңыздылығын оқушы былай түсіндірді: «Органикалық қалдықтарда белсенді метан түзуші бактериялар бар. Ал метаногенез процесі зауытты негізгі бөлігі – биореакторларда жүзеге асады. Біз метан газын түзген соң, газ арқылы суды қыздырып одан энергия көзін өндіруге болады. Ал реактрдан кейін қалған қалдықтарды биотыңайтқыш ретінде де қолдануға болады».
                                    
       Келесі ашық сабақ  алгебра пәнінен «Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы»  атты сабақты 7 "В" сыныбында жоғары санатты математика пәні мұғалімі Сонгобай Типан өткізді. Оқыту материалының мазмұны сынып ерекшелігіне сай, тереңдетілген бағытта сауатты жоспарланған. Оқушылар сабақ барысында математикалық білімдерін көрсете білді.
                
     Ашық ар жалғасы сол күні жас мамандардың информатика, физика  пәндері  сабақтарымен толықты.  Информатика пәні мұғалімі Сыздык Еркеназ Сериковна және физика пәні мұғалімі Құлжанов Батырбек.

                    

                              
       Ашық сабақтармен қатар оқушылардың шығармашылық деңгейін тексеру мақсатында бірнеше жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, оқушылар білімін бағалауда «Графиктер шеруі» ойыны оқушыларға өте қызықты болды.
                       
        Мектептің бірінші қабатына оқушылар шығармашылығынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге «Зерде» мектебі оқушылары қолынан шыққан түрлі техникалық заттар қойылды.
         
      Аптаның жұмасында мектепішілік Жәутіков олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиаданы Халықаралық Жәутіков олимпиадасының екі дүркін Қола медаль иегері Мейрам Серікболсын мен математика пәні мұғалімі Есенбеков Самат жүргізді. Оқушылар математика, информатика, физика пәндерінен деңгейі күрделі және өте күрделі тапсырмаларды үш сағат отырып орындады. Олимпиада қорытындысы апталықтың жабылуында айтылып, жеңімпаз оқушылар алғыс хатпен марапатталады.
                   


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь