Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Спорт пен еңбек , бәрінде жеңбек»(педагогтар арасындагы сайыс)

 

Тақырыбы:

« Спорт  пен еңбек , бәрінде жеңбек»

(педагогтар арасындагы сайыс)

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстану, жылдам, ептілік, белсенділігін арттыру.

Әдіс тәсілдері:  түсіндіру, топтастыру, көрсету.

Сайыс барысы және шарты:

  1. Сәлемдесу, эмблема, ұран , команда аты.
  2. Допты аяқтын арасында ұстап жүгіру.
  3. Обручь арасымен өтіп, шар жинау.
  4. Скакалкамен секіріп, шелекте суды алып жүру.
  5. Обручьпен жугіріп , логикалык ойлау арқылы шенберге тугел жиналу.
  6. Арқан тарту. Қорытындылау.


Құрметті әріптестер қонақтар бүгінгі № 33 Бастауыш- балабакша кешенінде педагогтар арасындагы  « Спорт пен енбек ,бәрінде жеңбек» атты сайысқа кош келдініздер.

Жүргізуші : Сайыс болган сон, спорт заңы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар тағайындап анықтайтын Құрметті  әділ- қазылар алқасымен  таныстырып өтейін  

Кешен директоры: А. Маметхан.

Оқу ісі орынбасары : С. Керимбекова.

Кешен әдіскері: А. Қабланбекова .

 Мектеп психологы: М. Қурмангалиева.

 

 

 

Салауатты өмір салтын қолдаймыз.

Жамандықтан жанымызды  қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып.

Болашаққа аманат қып жолдаймыз



- Құрметті ойыншылар, бүгін «Спорт пен еңбек, бәрінде жеңбек» атты эстафеталық жарысымызды бастаймыз. (екі топқа бөлініп тұрады)

Ал, сайыскер ,ұстаздар
Ешкімің жоқ алалар
«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік
Оны әділқазы бағалар

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!

1. Таныстыру.
«Олимпияда жұлдыздары» тобы
Ұраны: Жұлдыз болып күлеміз,
Шуақ шашып жүреміз.

«Барыс» тобы
Ұраны: Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты

Барыс тобы боламыз.

Жарысамыз ой қатты.


- Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық.

 

 



Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген
Сайысқа баға беріңіз!
(Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды)

 

Қорытынды: – Ендеше, осы денсаулықты зор байлық деп білетін белсенді де білгір, денсаулығы мықты спорт десе ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін педагог ұстаздаржетістіктерін марапаттау рәсіміне көшейік.

Сөз кезегі әділқазыларда (Марапаттау рәсімі).

Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік!

«Спорт пен еңбек, бәрінеде жеңбек»  сайысы осымен аяқталды.

 

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып

Болашаққа аманат қып жолдаймыз.

Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!.














Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь