Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Мектепішілік "Жыл мұғалімі - 2017" байқауының қорытындысы

«Жыл  мұғалімі»  сайысы

2017 жылдың 04 ақпан күні Астана қаласы №72 мектеп-лицейінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік  шеберлігі зор, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған, мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау мақсатында «Жыл мұғалімі»  сайысы    өтті.

Ұстаз  болу-өз уақытын  аямау.

Баланың  бар  бақытын  аялау,

Ұстаз  болу-жүректің батырлығы

Ұстаз  болу- сезімнің ақындығы-

 деп   ақын   жырлағандай    жарық дүниеде  ұстаздықтан   асқан қиямет – қайым қызмет жоқ  шығар.

   Сайысқа мектебіміздің     жаңашыл,   шығармашылықпен    еңбек  ететін   мұғалімдері Бекмадиева Айша Айтжановна, Медеуова Назира Жетписбаевна, Тұрсынхан Гүлжан, Аманбекова Роза Алпысбаевна,  Доланова Гүлнұр Лесбековна, Закарина Риана Оралбаевна, Абужаров Олжас Жолтаевич  қатысты. Сайыскерлер  сайыстың   төрт кезеңінен  өтті. Сайыста  мұғалімдер өздерін  жан-жақты таныстыра  отырып, шығармашылық  есептерін  берді, ашық  сабақтар  көрсетті.   Сайысқа қатысқан мұғалімдер сайыс  барысында    бір-бірінен   қалыспай, өз білімдерін, тәжірибелерін,кәсіби  шеберліктерін   ортаға  салды.

   Байқау  соңында мектеп  директоры Гулсим Асыловна Жусупова және  әділ қазылар алқасы  қорытынды  жасады.    Сайыс  қорытындысы  бойынша оза шауып  бәйге  алған  ұстаздың  есімі  анықталды. Гран-при иегері қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тұрсынхан Гүлжан, І орын- география мұғалімі Бекмадиева Айша Айтжанова, ІІ орын-ағылшын тілі мұғалімі Доланова Гүлнұр Лесбековна, ІІІ орын-бастауыш сынып мұғалімі Аманбекова Роза Алпысбаевна иеленді, ал орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Закарина Риана Оралбаевна «Шығармашыл мұғалім», тарих пәні мұғалімі Медеуова Назира Жетписбаевна «Ізенімпаз мұғалім», дене шынықтыру мұғалімі Абужаров Олжас Жолтаевич  «Талапты мұғалім» номинациясымен марапатталды. Сайысқа  қатысқан  барлық  мұғалімдер   сыйлықпен,  мақтау  қағаздарымен  марапатталды.
 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь