Мәслихат депутатымен кездесу
Бүгін мектебіміздің салтанат залында Сарыарқа ауданы бойынша №9 сайлау округының қалалық мәслихат депутаты Гаипов Зулфухар Султанович кездесу өткізді. Жиынға ата-аналар мен мұғалімдер қатысты. Мектеп директоры халық қалаулысын көпшілікке таныстырды. Мәслихат депутаты елбасының жолдауында көрсетілген адами капиталға байланысты өз ойын білдірді. Ата-аналардың әр түрлі сұрақтарына да жауап берді.


Ұйымдастырушы педагог: Бақытжан Болатбек
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау