«Жүректен жүрекке»
«Асыл бөбек» № 64 балабақшасына № 59 мектеп – лицейінің 8 «В» және 9 «А» сынып оқушыларымен қоса сынып жетекшілері «Махаббат пен Шығармашылық Педагогикасы» атты онкүндік аясында болған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді. Балабақша бүлдіршіндері оқушылардың ойнаған «Шалқан» ертегі – көрінісін тамашалады. Оқушылар балаларға тірек – қимыл жүйесіне арналған жаттығулар ойнатқызып, бүлдіршіндермен қоса ән айтты. Іс-шара бүлдіршіндердің көңілінен шығып, балалар қуанышқа бөленді. Соңында оқушылар балаларға сыйлықтар сыйлады.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау