Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Жақсылықпен жаным дос»

2017 жылдың 6 ақпан күні «Махаббат пен Шығармашылық Педагогикасы» атты онкүндік аясында № 59 мектеп – лицейінде М.Б.Жүнісова (қазақ тілі мен әдебиет және өзін – өзін тану пән мұғалімі) 5 «Б» сыныбында «Жақсылықпен жаным дос» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру. Сабақтың міндеттері: жақсылық жасау парыз екенін ұғындыру; жаңашырлық таныту іскерліктерін таныту; мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу. Құндылығы: дұрыс әрекет. Қасиеттері: қамқорлық, жаңашырлық, қайырымдылық. Сабақ баяу әуенмен тыныштық сәтінен басталды. Ашық сабақта бірнеше бейнебаян көрсетілді, «Жақсылық пен Жамандық» әңгімесі оқушылармен талқыланды. Жақсылық жасаудың маңыздылығы туралы әр оқушы өз ойын ортаға салды. Балалар арасында шығармашылық топтық жұмыс ұйымдастырылды. Балалар хормен ән айтып, көңіл күйлерін көтеріп тарқасты.









Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь