«Табиғаттан нәр алып»
2017 жылдың 4 ақпан күні «Махаббат пен Шығармашылық Педагогикасы» атты онкүндік аясында № 59 мектеп – лицейінде Д.Н.Кауымбаева (технология және өзін – өзін тану пән мұғалімі) 8 «А» сыныбында «Табиғаттан нәр алып» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: оқушыларға қоршаған ортаға, табиғатқа қиянат жасамай, оған қамқорлық ету, зиян келтірмей, келешекте табиғат тағдыры өз қолында екеніндігі туралы толық түсінік беру. Сабақ жоспар бойынша тыныштық сәтінен басталды. Оқушылар мұғалімнің айтуымен көздерін жұмып, керемет табиғаттың ғажайыптарына сапар шекті. Сабаққа презентация дайындалып, оқушыларға бейнеролик көрсетілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз ой-өрістерінін жоғары екендігін көрсете білді. Сабақ нәтижелі өтті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау