Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

2017 жылдың 2 ақпан күні № 59 мектеп-лицейінде «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты республикалық оңкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты іс-шараны мектебіміздің директоры А.А.Жумабекова алғы сөзімен ашты.
Сара Алпысқызының туған күніне арналған іс-шараның өтілуіне байланысты Қазақстан телеарнасынан келген түсірілім тобы біздің мектебімізде бейнебаян түсірді. Тілшінің рөлінде 8 «А» сынып оқушысы Малика Құдайбергенова ойнады. Малика оқушыларға Сара ханымның өмірі жайында сұрақтар қойып, оқушылар тілшінің қойған сұрақтарына жауап беріп, құттықтау сөздерін айтты.
Іс – шарада оқушылар мейірімділік, ізгілік, адамгершілік және т.б. құнды қасиеттер туралы өлең-шумақтар айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. «Байлық пен ақыл» көрінісін 7 сынып оқушылары ойнап берді. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы, «Бөбек» қорының ұйымдастырушысы Сара Алпысқызының өміріне, еңбектеріне арналған презентациялар дайындалды. Лездеме соңында онкүндіктің жоспары хабарланды.










Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь