Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Білім жәрмеңкесі

Бүгін №81 гимназияда мектепішілік 5-9 сыныптар арасында «Білім жәрмеңкесі» олимпиадасы өтті. Оқушылар қазақ тілі, математика, ағылшын тілі, биология пәндері бойынша сайысқа түсті.

Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау,олимпиада резервін қалыптастыру ,сонымен қатар жалпы білім беретін негізгі пәндердің жекелей маңыздылығын көтеру, шапшаң ойлауды жетілдіру, экономикалық тәрбие беру;

Олимпиада қорытындысы бойынша гимназия директоры Садықова Гулнар Дінғуатқызы оқушыларды сертификаттармен жəне ақшалай марапаттады. "Білім миллионері" атағын 7 "А" сынып оқушысы Рысбекова Ділназ жеңіп алып, 50 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. І орынды 5 "А" сынып оқушысы Ануарбек Карина, (25000 теңге сыйлық), ІІ орынды 6 "А" сынып оқушысы Ауғанбай Санжар(15000 теңге) ІІІ орынды 9 "А" сынып оқушысы Бексұлтан Алима (10000 теңге)иеленді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь