Әкім Ысқақ Әбдіқайымұлымен кездесу болып өтті.
Бүгін Астана қаласындағы № 51 мектеп-гимназиясы үшін тарихи күн десек, артық айтпаған болар еді. Аталған білім ордасында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылым депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңның авторы, Қазақстанның 1997 жылының «Жыл адамы» Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер, қаламы қарымды қаламгер-Әкім Ысқақ Әбдіқайымұлымен кездесу болып өтті. Кездесуде ақынның шығармашылық әлемімен кеңінен, жан-жақты танысып, мектеп шәкірттері жырларына нақышына келтіре орындап, қаламгермен ашық сұхбат жүрді. Далада 30градустан төмен аяз болса да, Әкім ағамен кездесуге халық көп жиналды.Ыстық ықыласпен, шынайы көңілмен өткен сырласу жүректерге жылылық сыйлады. Ақынның әрбір шығармасының шығу тарихын білген оқушыларға кездесудің ұнағаны сонша, жас қаламгерлер өз туындыларын арнады және кештен алған әсерлерін ұстаздар да ортаға салып, ақынға ризашылығын білдірді. Автордың өмірден өткен анасы туралы монологы тыңдарманның жүрегін шымырлатып, көпшіліктің көзіне жас алдыртты.Автор өз туындыларын мектебімізге, ұстаздарға, оқушыларға естелікке тарту етті. Кездесу кеші тартымды да әсерлі өтті. 12-де басталған кездесудің кереметтілігі, қызықтығы сол, ардақты ағаны қимай бес сағаттай жібермедік... Шынында тарихи әрі еш ұмытылмастай күн болып қалары сөзсіз...
Мектебіміздің оқушысы Умаров Тойлыбектің бүгінгі кездесуден алған әсерін бөлісуді жөн деп санадық.
Ақынмен кездесу
Әркім бір нәрсені мақсат етеді. Сол мақсатқа жеткен адамдарға қызыға қарайды. Мен де қатты қызықтым. Ақынды өз көзіммен көргенде, ойыма бірден «қарапайымадам» дегенсөз тіркесі келді. Осынау кездесуден кейін менің мақсатым одан әрі айқындала түсті. Мен де сондай қарапайым болмыссыммен қайран қалдырарлық қалам тартсам деп армандап қойдым,-дейді 10-сынып оқушысы.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау