«И звезда со звездою говорит»
Астана қаласы № 48 мектеп-лицейінде орыс тілі және әдебиеті пәндері бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында Сергей Есенин мен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «И звезда со звездою говорит» атты әдеби кеш өтті. Оқушылар екі ақынның өлеңдері мен өмірбаяндары туралы ой бөлісті. 11 «А» сынып оқушы Турапов Мадияр М.Мақатаевтың образын сомдап, өлеңдерін оқығанда әр бір тыңдаушының жүрегіне жеткізді. Сонымен қатар 10 сынып оқушылары С.Есениннің өмірбаянынан көрініс көрсетті және 11 «Б» сынып оқушысы Аманкелді Санжар ақындардың өлеңдерін гитарамен орындады. Мектеп директоры Садықова Зауре Жақанқызы екі ақынның ерекшілігі туралы айтып өтті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау