Кәсіби шеберлік сайысы «Үздік автослесарь»
2017 жылы ақпанның 14-ші жұлдызында колледжде 1 курс студенттері арасында «Автокөліктерді жөндеу шебері» біліктілігі бойынша сайыс өткізілді. Бұл сайысқа 1АТМ-116, 1АТм-216 оқу топтары қатысты.
Сайысты өткізген өндірістік оқыту шеберлері: Загипаров А.К., Есмаханов Р.С., Исагулов Р.Р.
Сайыстың мақсаты: Кәсіби шеберлік дәрежелерін жетілдіру. Сайыс үш бөлімнен тұрды:
Бірінші бөлім – қатысушыларды таныстыру;
Екінші бөлім –теориялық тапсырма, арнайы пәндер бойынша тапсырмалар: автокөлік құрылысы және техникалық қызмет көрсету;
Үшінші бөлім –практикалық тапсырма, «Су насосы мен бензонасосты бөлшектеп, қайта құрастыру»;
Үш бөлімнің нәтижесі бойынша орындар тағайындалды: бірінші орын - 1 АТм-216, екінші орын - 1 АТм-116.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау