Тәжірибелі оқытушылар өз тәжірибесімен бөліседі
Ақпанның 14-ші жұлдызында «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының онкүндігі аясында оқытушы Р.С. Есмаханов «Электротехника» пәні бойынша ашық сабағын өткізді.
Бұл сабақ барысында интерактивті тақта, плакаттар қолданды. Оқытушы жаңа тақырып бойынша видеороликтер, презентациялар көрсетті.
Сабақ барысында қолданылған іс-әрекет түрлері: ізденімпаздық негізіндегі әңгімелесу жүргізілді және компьютерлік презентация көрсетілді; студенттер тақтада көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, схемалар құрды, жаңа сабақ материалдары көрнекі құралдар арқылы көрсетілді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау