Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Мұқағали оқулары

«Аққулар қанатына жазылған жыр» атты М.Мақатаевтың туған күніне орай мәнерлеп оқу сайысы болып өтті.Мақсаты: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушылардың өлеңге деген ынтасын, көркемсөз оқу шеберлігін арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, Отанды сүюге, адамгершілікке, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.

М. Мақатаев оқуларына қатысатын оқушының жан-жақты дарынды поэзияны сүйетін, оны тақырыбына сай талдай білетін, ғылыми жұмысқа бейімі бар, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті әрі ақындық талабы болуы керек. М. Мақатаев оқуларына қатысушы үміткер ақиық ақын М. Мақатаевтың шығармашылығын жақсы білуі керек және кез келген өлеңін талдай алуы қажет. Сонымен бірге талапкер өз шығармашылық қабілетін танытуы керек. Бастауыш сынып бойынша мәнерлеп оқу сайысынан іріктелген оқушылар орта және жоғары буын оқушылары арасында да сынға түсті. Жеңімпаз оқушылар  09 ақпан күні үлкен кеште өз өнерлерін көрсете білді.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь