Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Қайырымдылық акциясы

    Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде 2016-2017 оқу жылында аз қамтылған отбасынан шыққан балалар жоқ. Сондықтан мемлекеттік бюджеттан және жеке спонсорлықтан қамқорлық акциясына қатысты көмек көрсетілмегендігін мәлімдейміз. Алайда, мектеп ата-аналары және оқушылары, мұғалімдері бекітілген жоспарға сәйкес мұқтаж жандарға және мешітке көмек көрсетілді.  Акция аясында  Бейсенбекова Асия Бельгибаевна,Бейсенбенова Алия Мухтаровна, Бейсенбенова Алмагуль Мухтаровна,Бейсенбина Айгуль Курмановна, Қожахметова Қарлығаш Дюсеновна,Жиренова Фатиманың үйлеріне барып, тұрмыс жағдайларын білді. Қамқорлық акциясы аясында әр отбасына  5 л күнбағыс  сұйық майы, 10 кг. «Цесна» жоғары сортты  ұны,5 кг «Ақмаржан» күріші,1 кг «Ассам» шәйі,5 кг қант,2 кг «Рахат»  шоколад конфеттері,2 кг«Рахат»  печеньесі, 2 кг алма, 5 кг «Цесна» макароны және жаңа жылдық сыйлық тәтті сыйлықтар табысталды.
   А.Герцен көшесі көшесі 7 А үйдің тұрғыны Бейсенбина Айгуль Курмановнаның  отбасымен таныстық. Айгуль екі баланың анасы,отбасылы, өзі де, кішкене немересі де мүгедек, тұрмыс тауқыметін тартқан жандар. Мүгедектігінен көп зардап тартқанымен  Айгул Тәуелсіздігіміздің арқасында мемлекеттен қамқорлық көріп отырғандығына ризашылық білдірді. Алматы районы, Радищева қиылысы 28/1 үй тұрғыны Бейсенбенова Алия Мұхтарқызына қамқорлық көрсетілді.  Алия екі баланың анасы, отбасылы 21.01.1989 жылы дүниеге келген.  Ата-аналар мен ұстаздарды Алия жылы жүзбен, қуанышпен қарсы алды. Алияның жүзінде жастық жалын,өмірге деген құлшыныс, бейбіт елдегі өмірге ризалық сезімі бізге ерекше көңіл күй сыйлады. Қайырымдылық жасалған отбасы Ақмола облысы Аршалы ауданы, Жібек жолы көшесі № 6 үй тұрғыны   08.12.1964 жылы туылған   Байбеков Қуаныш Қосылович жүйке ауруы салдарынан ІІ топтағы мүгедек.Отбасының  асыраушысы  3 баланың анасы Мүтия екі-үш жерде жұмыс жасайды,немересі мен балаларының жалғыз асыраушысы.  Кожахметова Қарлығаш Дюсеновна 17.02.1956 жылы Ақмола облысы «Ақкөл» ауданында дүниеге келген ІІ топтағы мүгедік, Пушкина көшесі 15 б үйі,77 пәтер  мекен-жайы бойыншы  1993 жылдан бері Астанада тұрады.1993 жылға дейін Ақкөл ауданында тоқыма, қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысқан. Астана қаласында «Демеу» амбулаториясында шахмат ойнау, кесте,моншақтас,тоқыма  тоқуды үйрету бойынша  мүгедек балалармен үйірме жүргізген. Оқушыларға өз бұйымдарын ұсынған Қарлығаш апайымыздың еңбекқорлығы әрқайсымызға үлгі боларлықтай.
                        

Қыс. Мектеп ауласына саяхат" (мектеп ауласының қарын тазалау) тақырыбы бойынша 9-10 сынып оқушылары мектеп ауласының қарын тазалады.

        

Мектеп психологы М.Е. Дүкенбаева "Мейірімділік - рухани жан байлығы" тақырыбында 9 сыныптармен тренинг жүргізді. Тренинг соңында оқушылар белсене ат салысып, жүректеріндегі ойларымен бөлісті. Достары, ата-аналары, қоршаған орта, туыстары туралы көкейлерінде жүрген ойларын айтты.

        

«Сен де үлес қос» мұқтаж жандарға көмек ретінде мектеп әкімшілігі, ата-аналар, мектеп ұжымы бірлесіп мешітке киімдер өткізді.

                                   

7-9 сыныптар арасында оқушылардың шығармашылық жұмыс көрмесі: графикалық суреттер; «Ана», «Әлем», «Достық», «Мейірімділік» туралы конкурс өткізілді. Конкурс нәтижесінде 7 «В» сынып оқушысы Амангелді Малика «Достық» тақырыбында графикалық сурет салып, 1 орын иеленді. 7 «Ә» сынып оқушысы Е. Жаугаштинов 2 орын. 7 «Ә» Мұхамбек Ділнұр 3 орын иеленді.

           

    Акцияға мектеп әкімщілігі, сынып жетекшілер, ата – аналар белсене қатысты.
    Мектепте «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы бойынша «Қайырымдылық-адамгершілік белгісі», «Қайырымдылық сенің жаныңда», «Адамгершілік – адамның асыл қасиеті», «Балаға жүрек жылуы», «Сенім менің серігім» атты   қайырымдылық сынып сағаттары мен ашық сабақтары  өткізілді.
    Акцияға байланысты өткен іс – шаралар суретке түсіріліп, мектеп сайтына салынды.

                                                                                             Орынд. М.Е. Дүкенбаева


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь