Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Психология апталығы»

Мақсаты:
      Мектепте оқушылардың психологиялық саулығын сақтау және нығайту бойынша жағдай жасау; оқушылар мен мұғалімдердің психологиялық құзыреттілігін арттыру; адамтанудың құрамдас бөлігі ретіндегі психологиялық ғылымның маңыздылығы туралы түсініктерді қалыптастыру.
      Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде 2016 жылдың 19-24 желтоқсан айында психология апталығы өтті.
      Жоспарланған шаралар орындалды. Дүйсенбі күні психология апталығының ашылу салтанаты өтті. Педагог-психолог дайындаған психология аптаның жоспарын оқып жіберді. Бірінші күн – ««Жылы лебіздер күні» (комплименттер айту)». Мақсаты: Адамдардың бір-біріне жылы лебіздер айта келе, өзін-өзі бағалау деңгейлерін нығайту. «Сенім поштасы» жұмысы ұйымдастырылды.

             

Сонымен қатар, 7-8 сыныптар арасында «Біздің сынып!», «Мектеп - біздің үйіміз» тақырыптарына коллаж жасау ұйымдастырылды. Мақсаты: Өз мектебін құрметтеуге, сыныбын, мектеп мүлкін таза ұстауға, эстетикалық сезімдерге, патриотты болуға жан-жақты тәрбиелеу, психологиялық бірлескен ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

             

Сондай-ақ мектепте «Махаббат күні», «Ризашылдық күні», «Тілектер күні», «Кешірім күні», «Күлкі күні» сияқты мерекелік күндер атап өткізілді. Әрбір сыныптарда «Психология –таңғажайып  ғылым» сынып сағаттары өтті.

             

   Өткізілген жұмыстар бойынша есеп, сауалнамалардың нәтижесіне сарапталды.
   Апта ішінде фойеде тұрған «Жылы лебіздер» жәшігіне 7 -11 сыныптың оқушылары бір-біріне немесе мұғалімдерге шын жүректен әдемі тілектер жазды.

                                                                              Орындаған:  М.Е. Дүкенбаева 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь