«Мен Ауған соғысы жайлы не білемін?»
Ақпарат
20 ақпан күні 5-11 сынып оқушылары арасында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шыққанына 28 жыл толуына арналып өткізілген «Мен Ауған соғысы жайлы не білемін?» бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге және ардагерлерді құрметтеуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту.
Сынып сағаттарында оқушылар «Мен Ауған соғысы жайлы не білемін?» тақырыпты аша білді. 10 «Б» сынып оқушылары мектебіміздің 5 түлегі Ауған соғыс ардагерлері А.Я. Шанц, А.А. Кравцов, О.И., Царьков, А.К. Давлетбаев, В.А. Нестеровтердің ерліктері жайлы айтып өтті. «Ауған соғысы» жайлы бейне таспаны көріп, соңында оқушылар өз ойларын ортаға салды. Сынып оқушылары Ауған соғысы жайлы өлең жолдарын да айтып шықты.


Мектеп оқушылары мен мұғалімдер сынып сағаты соңында 1 қабатта жиналды.
Жиналғандар батыр, ардагер жерлестерін 1 минут үнсіздікпен құрметтеп, Интернационалист-ардагерге арналып орнатылған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қоюды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау