Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

АСТАНА ҚАЛАСЫ ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ САУДА- ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАС МАМАН» ОЛИМПИАДАСЫ

2017 жылдың 23 ақпанында Астана қаласы Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінде 9-11 сынып оқушыларының арасында «Жас маман» атты  қалалық олимпиада өтті.  Олимпиаданың мақсаты «экономика негіздері» пәні арқылы  мектеп оқушыларының экономикалық көзқарасын қалыптастыру, болашаққа кәсіби, бәсекеге қабілетті құзіретті мамандық иесі болуға бағыт беру, мектеп оқушылары арасынан зияткерлі дарынды, талапты әрі зерек жастарды іздеу және оларға қолдау көрсету болды.

Байқау үш кезеңнен тұрды:

Бірінші кезең- іріктеу кезеңі (20 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы)

Екінші кезең- тәжірибелік тапсырмалар (экономикалық 3 есеп шығару)

Үшінші кезең- викториналық сұрақтар (таңдаған ұяшығы бойынша ауызша жауап беру).

 «Жас маман» атты қалалық олимпиадаға №52 мектеп-гимназия оқушылары  қатысып,  11 «А» сынып оқушысы  Оразбай Ердос  І-дәрежелі дипломмен марапатталды.

 Басқа да белсенді қатысқан мына  оқушылар:  Молдагалиев  Нұрлан,Юсупалиев  Мейірбек,Қосымжан  Гүлім,Алтынхан Мадияр,Жанахметов Досымбет,Молдахан Нұртілеу сертификаттарға ие болды. Оқушыларды құттықтаймыз!!!

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь