«Можеть ли алкоголь быть лекарством» тақырыбында өткізілген лекция туралы ақпарат
«Семья и здоровье» Қоғамдық қайырымдылық қорының лекторы Зиганшин В. Р.-пен «Можеть ли алкоголь быть лекарством» тақырыбында өткізілген лекция туралы ақпарат
2016 – 2017 оқу жылы 22 ақпан күні 6 сынып оқушыларына «Семья и здоровье» Қоғамдық қайырымдылық қорының өкілдерімен лекция болып өтті. Лекция тақырыбы: «Будьте здоровы» программалық бағдарламасы негізінде «Может ли алкоголь быть лекарством». Лекцияның мақсаты: жас жеткіншектер арасындағы ішімдіктің зияндылығын, ішімділіктен сақтану, оның алдын алу, зиянды әрекеттерден оқушыларды сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Лекция барысында фонд лекторы Зиганшин В. Р. жүргізді. Лекцияға 6 «А», «Ә», «Б», «В» сыныптары, 96 оқушы қатысты. Кездесу барысында сынып оқушыларына арнайы ақпараттық – бағдарлама негізінде жасалған «Может ли алкоголь быть лекарством» тақырыбында слайд таныстырылды. Кездесу барысында оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысы оқушыларға өте қатты ұнады. Кездесу соңында айтылған, берілген ақпараттар негізінде оқушылармен викториналық сайыс өткізілді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау