«Қарттарымыз – асыл қазынам» атты қайырымдылық айы өтті.
№51 мектеп гимназиясында «Қарттарымыз – асыл қазынам» атты қайырымдылық айы өтті. Барлық сынып сағаттарында кездесу, кеш, тәрбие сағаттары өтілді. Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата-баба жолымен жүріп, салт-дәстүрді бойына сіңіріп, аталы сөзден ғибрат алуға үйрету негізгі мақсат болды. Қайырымдылық айлығының соңын қайырымдылық акциясын өткізіп, ұрпақтар сабақтастығын нығайту барысында қарттар үйіне қырық оқушы жеті мұғалім барды. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы ақпан айында туылған қарияларға сыйлықтар беріп, концерт ұйымдастырды. Ауру, жүре алмайтын қарияларға бөлмелеріне барып, көңілін көтеріп құттықтады. Қариялардың алғысын, ризашылдығын алды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау