Педагог-психолог өз тәжірибесімен бөлісті
2017 жылдың 23-ақпан күні Астана қаласы Білім басқармасы Психологиялық қызмет көрсету кабинетінде Астана қаласы №49 орта мектеп педагог-психологы Дүйсебаева Жанар Құдабайқызы «Сынаққа дайындық барысында оқушыларды психологиялық сүйемелдеу» тақырыбындағы шығармашылық жұмысының нәтижесімен таныстырды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының емтиханға дайындалуына байланысты күшею мен қатаюдан, денедегі қысымнан арылуға көмектесу, өмірге деген бейімділігін арттыру, мақсатқа жетуге деген ұмтылысын ынталандыру үшін жүргізілуі тиіс жұмыстармен жас психологтарды таныстыру, пікір алмасу, жұмыс тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Жемісті нәтижеге ұмтылу» атты психологиялық тренингін ұйымдастырды.
Астана қаласының колледждері мен орта мектептерінде психологиялық қызмет атқаратын жас мамандар қатысқан тренинг барысында педагог-психолог Дүйсебаева Жанар Құдабайқызы оқушының өзіндік бағасын арттыруға, сенімділігін көтеруге, сынаққа байланысты туындаған қорқыныштан арылуға, ерік-жігерін шыңдауға т.б. байланысты психологиялық жаттығулардың жүргізілу ерекшеліктерімен бөлісіп, өз тәжірибесінен кәсіби кеңестер ұсынды. Тренингке қатысушыларға жетістікке жетуге деген ұмтылыс пен көтеріңкі көңіл сыйлады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау