Шығармашылықты шыңдаған оқушылармыздың мерейін көтеріп, үлкен жеңістерге жетелеген «Шаттық»
Талантты балалардың шығармашылығының жан-жақты ашылуын бағыттайтын XІ «Шаттық» қалалық байқауы 2017 жылдың 13-14 ақпан аралығында өтті.Мектебіміздің талантты да, шығармашыл оқушылары мен жетекшілерінің нәтижелі еңбегінің арқасында оқушыларымыз жоғары жетістіктерге жетіп, мектеп қоржынына 2 «Алтын» медаль,
1 «Күміс» медаль,
2 «Қола» медаль, 2 диплом сыйлады.
«Аспапты жанры» бойынша «Ұлттық аспаптар» «Алтын» медальға ие болса, жеке орындауда Сұлтан Алихан «Күміс» медальға, үйірме жетекшісі М.Мөңкебаев, Қаз Мағжан «Қола»медальға ие болды.
«Вокал» бойынша жеке орындауда Елубай Асылжан дипломға ие болды, хор бойынша оқушыларымыз «Алтын» медальға ие болды, үйірме жетекшісі Ж.Жапарова.
«Хореография» жанры бойынша қыздарымыз «Қола» медальға ие болды, би үйірмесінің жетекшісі Б.Тұрлыбекова.
«Фотосурет» жанры бойынша оқушымыз Қабдолла Бостан дипломға ие болды,жетекшісі Б.Бимендин.
«Бейнелеу өнері» жанры бойынша оқушымыз Есенбаев Абай дипломға ие болды, жетекшісі А.Мұқанова.
Құрметті ұстаздарымыз бен оқушыларымызға шығармашылық шабыт, талмас қанат, тілей отырып, сіздерді шын жүректеп ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау