Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Көктемнің су тасқынының алдын-алу, сақтық шараларын өткізу туралы 27.02.2017ж 10 «А» сыныбында «Су тасқыны кезідегі іс-әрекет және қауіпсіздік ережесін сақтау» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Көктемнің су тасқынының алдын-алу, сақтық шараларын өткізу туралы 27.02.2017ж                        10 «А» сыныбында  «Су тасқыны кезідегі іс-әрекет және қауіпсіздік ережесін сақтау» тақырыбында сынып сағаты өтті.

 Көктем мезгілінде көптеген жерлерде су тасқыны алып  жатады. Су тасқынының негізгі үш себебі бар: Жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың еруі, өзен-тоғандарда судың толуы, су тасқындарына әкеліп соғады.Судың жылдамдығы реактивті ұшақтың жылдамдығымен пара-пар. Бұдан көптеген елді мекендер азап шегеді.Осы сияқты  біздің елді мекендерде де су тасқыны болып тұрады. Сондықтан  алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізу керек. Осы тақырыпқа байланысты 10«А» сыныбымен сынып сағатын өткіздім. Сабақты бастамас бұрын оқушылармен психологиялық  дайындық жасадым. Ортаға шығып шеңбер құрдық.Еліміз-жеріміз тыныш болсын, күннің көзі ашық болсын деген ниетпен жылы лебімізді білдірдік.


                 

Оқушылар үш топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орпындады.  1-топ «су тасқыны туралы мәліметтер», 2-топ «су тасқын кезіндегі іс-әрекеттер»,3-топ «су тасқыны кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету» 




                 


Әр топтан оқушылар тапсырмаларын айтып шықты. Мақал-мәтелмен аяқтады.                                                                               Қорытынды:                                                                                                                                                                        Су тасқыны болған жағдайда оқушыларды, алғашқы қорғану іс-әрекеттерін білуге үйрету. Сонымен қатар су тасқынының алдын-алу шараларын білу және қауіпсіздік ережесін сақтау.  

                                                                                                                      Сынып жетекшісі: Джумабаева А.Т


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь