Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Поэзия» жәрмеңкесі

«Баласы кітап оқыған ел»  бақытты деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тағылымды сөзі бар. Оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, рухани байлыққа тәрбиелеу мақсатында Ахметкалиева Мара Жамбылқызы, Шаленова Алия Айткенқызы 3-сыныптар арасында «Поэзия» жәрмеңкесін өткізді. Поэзия – әдебиеттің өлең түріндегі үлгісі екенін оқушылар жақсы біледі. Әр сыныптың талапты, талантты балалар қатысқан жәрмеңкеде оқушылар өз шеберліктері мен ізденістерін көрсетті. Әсіресе 3 «А» сыныбы, жетекшісі Мусабаева Салима Егізбайқызы, 3 «Ә» сыныбы, жетекшісі Сыдыкова Жыға Ағыбайқызы, 3 «В» сыныбы, жетекшісі Ахметкалиева Мара Жамбыловнаның оқушыларын атап өту керек. Жәрмеңке барысында бейнебаян көрсетіліп, тренингтер де жүргізілді. «Оқырман» ағашына жәрмеңке соңында оқушылар өз түйіндерін жазды. Осындай тағылымды, игі іс–шаралар өз жалғасын таба берері сөзсіз. Жәрмеңкеде тігілген ұтысты соңғы айналымға дейін жетіп, 3 «В» сынып оқушысы Саяхат Алқар жеңіп алды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь