№54 мектеп-лицейінде 8-наурыз мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар жөнінде анықтама
8 наурыз мерекесіне арнайы жоспар құрылып, іс-шаралар өткізілді. Көктемнің алғашқы мерекесі алғыс айту күнімен бастадық. «Қазақ еліне алғысым шексіз» атты біріңғай сынып сағаттары мен саптүзеулер өткізілді. «Алғысымды білдірсем...» тақырыбымен ілінген паноға бірінші қабатта қоңырау кезінде мектеп оқушылары өз елбасыға, ұстаздарына, ата-аналарына ,сыныптастарына алғыстарын жазып, жапсырды. 5,6,7,8,10 сынып оқушылары «Қыз бен гүл – егіз ұғым» атты гүл мен қыздың бейнесі бейнеленген пано жасады. 2-4 сынып оқушылары «Гүл өссе жердің көркі» тақырыбында қолдан гүл салынған құмыра жасады. 4 «Б» және 6 «М» сыныптары «Ана деп ән салам» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаты барысында 6 «М» сыныбының аналары мен қыздар сайысы өте қызық болып, балалар үлгілі аналарымыздың тәрбиесіне ризашылықтарын білдірді. 3 және 8 сынып арасында «Көктем аруы-2017» , «Ал, кәнеки, қыздар!» атты қыздар сайысы өткізілді. «Сыйнар ем, Ана деген тәңірге» атты біріңғай сынып сағаттары мен саптүзеулер өткізілді. 7.03.17 күні мектепбімізде «Сыйнар ем, Ана деген тәңірге» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Концертке жазушылар одағының мүшесі, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Ершу Маржан Аманғосқызы және талантты, дарынды оқушыларымыздың аналары шақырылды.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
