Бастауыш сынып апталығының жабылу салтанаты
«Жаңаша оқыту – жетістік көзі» тақырыбымен өткен апталықтың жабылу салтанаты болды. Апта бойы барлық сынып мұғалімдері белсенділік танытты. Ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар өтті. 1-сынып мұғалімдері «Менің сүйікті кейіпкерім», 2-сыныптар «Сиқырлы саусақ», 3-сыныптар «Ертегілер елінде», 4-сыныптар «EXPO-2017» бұрышы безендірді. Апта бойы әр сыныптың білімдері, жеткен жетістігі, мұғалімдердің сабақ барысында жаңаша оқытуы, жаңа технологияларды тиімді пайдалануы байқалды. Жабылу салтанатын ұйымдастырушы Аубакирова Маржан Қалтайқызы әр сыныптың жетекшілері мен оқушыларын марапаттаса, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдикеримова Нұрхан Саветқызы апта бойы жасалған жұмыстарды қорытындылап, ұжым мүшелеріне өз алғысын білдірді.
Жалпы әр істе жаңашылдық таныту, жауапкершілік иесі болу, оқушыларды оқыта отырып дамыту әр ұстаздың парызы екенін әр адам сезінді, түсінді, ой түйді. Осындай ауқымды, мазмұнды, мәнді, игілікті істер жалғаса береді. 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
