«Әйел-ана, әйел-қайраткер, әйел-қызметкер» тақырыбындағы батыр аналармен кездесу.
8 наурыз халықаралық асыл аналар мен арулар мерекесі қарсаңында бір қолымен бесік тербеткен,екінші қолымен әлемді тербеткен асыл да батыр аналарымызбен кездесу өтті. Кездесуға көп балалы ана 8 баланың анасы Уразбаева Айгүл Советқызы және 5 баланың анасы Ракишева Айнұр анамыз келді. Бүгінде батыр ана,алтын алқа иегері көп балалы аналарымыз оқушылармен сыр бөлісті.Оқушылардың сұрақтарына өнегелі жауап берген аналармен өткен кездесу оқушылар үшін әсерлі болды. Асыл аналарымыз аман болсын! Мереке құтты болсын асыл аналар!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
