Өзін-өзі басқару күні
Мақсаты: мектеп түлектерін педагог мамандығына баулу және лицей оқушыларын басқару ісінде танымдылықтарын мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. 07.03. күні мектебімізде мектеп Парламенті «Жас Ұлан» мен тәрбие ісінің орынбасарларының ұйымдастаруымен «Өзін-өзі басқару» күні өтті.
«Өзін-өзі басқару» күнінде 11 сынып оқушылары пән мұғалімдерінің орнына сабақ беріп, сынып сағаттарын өткізді. «Өзін-өзі басқару» күнінде 11 «В» сынып оқушысы, оқу озаты Алина Дорошенко мектеп директоры қызметін атқарды.
Мұғалімдерден құралған 12 «А» сыныбы қазақ бөлімі, 12 «Б» сыныбынан құралған орыс бөлімі сабақ оқып, іс-шараға қатысты.
«Өзін-өзі басқару» күні 8 наурыз аналар күніне арналған салтанатты саптүзеу өткізілді. Саптаүзеуде 12 «А» сыныбы мен 12 «Б» сынып оқушыларын мақтау қағаздарымен марапаттады.
11 сынып оқушылар «Өзін-өзі басқару» күнін жоғары дәрежеде ұйымдастырып, өткізді.








Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
