Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Ана – бақыт, Ана – жыр, Ана - өмір, Ана - гүл»    

 

       8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Әлемнің жарығы..» атты салтанатты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешті ұстаздар, өнерпаз оқушылардың аналары мен барлық сыныптың қыз балалары тамашалады. Салтанатты кештің шымылдығын  оқушылар «Ана» туралы өлең-шумақтармен ашты. «Илигай», Еркенұр» би ансамблдерінің мың бұралған биші қыздары көрермендер көзйымына айналды. Мектеп директоры Шаяхметова Айтжан Ермұханқызы құттықтау сөзін жеткізіп, өнерпаз оқушылар мен «Шаттық-2017» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Өнерпаз оқушылардың аналарына да Алғыс жарияланып, құрмет көрсетілді. Сонымен қатар біршама ұстаздардың да еңбектері бағаланып, Алғыс хат жарияланды.

Кеш соңында «Шабыт» театры әсерлі қойылымдарын көрсетіп, «Балдаурен» хор ұжымы «Ай дидарлы анашым» әнін тарту етті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь