«Әке жолы – ізгіліктің іздері» атты әкелер мәслихаты
Таяуда мектебіміздің салтанат залында «Әке жолы – ізгіліктің іздері» атты әкелер мәслихаты өтті. «Әкелер» клубының жетекшісі, мектебіміздің мұғалімі Құлбатыр Бейсенғали Амандықұлы тақырыпқа сай баяндама оқыды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шабкенова Самал Жамалиқызы оқушылардың тәртібіне қатысты пікірін білдірді. 1-11 сынып оқушыларының әкелері мен сынып жетекшілері өз ойлары мен ұсыныстарын айтты. Мектебіміздің өнерпаздары әкелерге арнап шағын концерт қойды. Мәслихат соңында мұғалімдер мен әкелер бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек деп шешті.
Ұйымдастырушы педагог: Бақытжан Болатбек
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау