Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Әуенді тап» шығармашылық сайысы

03.03. 2017 жылы № 59 мектеп – лицейінің оқушылары мен ұстаздарына арналған «Әуенді тап» шығармашылық  жарысы өтті. Жарыс мекептің өзін – өзі басқау ұйымының белсенділері 10 «А» сынып оқушысы Жандаркулова Алуа және 9 «Б»сынып оқушысы Аманбаев Мадидің бастамасымен ұйымдастырылды. Жарысқа 3 оқушы,10,9,8 сыныптардан және 3 мұғалім биология, ағылшын тілі мұғалімі және мектеп психологы қатысты. Көрермендер ретінде жоғарғы сынып оқушылары шақырылды. Жарыс сағат 13:30 –де басталды, мектеп оқушыларының  қызығушылығын оятқан жарыс үш кезеңнен және супер ойыннан тұрды, әр кезенің өзіндік шарттары болды, шарттарға толық сәйкес ойнап ең көп бал жинаған қатысушы 1 орынға ие болды.

Жарыстың жеңімпазы болып мектеп психологы – Үміт Махмудқызы аталды, 1) 2 орынға 9 «Б» сынып оқушысы – Усманова Даяна; 2) 3 орын иегері биология пәнінің мұғалімі – Жанерке Сыпатайқызы аталды. Қалған қатысушылар белсенділігі үшін мадақтама хатымен марапатталды.

«Әуенді тап» шығармашылық  жарысы тек қатысушылардың емес, көрермендердің де үлкен қызығушылығын, белсенділігін туғызды. Мектеп оқушыларымен бірге осы сайысты жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жайлы шешім қабылданды.





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь