Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Балалардың жол – көлік травматизмін болдырмау мақсатында Жас жол инспекторларының слеті.

 

Астана қаласы № 79 мектеп – лицейінде 2017 жылдың 15 наурызында Жас жол инспекторларының слеті өткізілді. Жарысқа № 59 мектеп – лицейіміздің  7 «Ә» сыныбынан 10 оқушы қатысты. Бұл жарыста өткізілген байқаулар,  олар:

  • Жас санитар; 2) агитбригада; 3) бағыттаушы; 4) эрудит;
  • 5) велосипедші; 6) жол жүру ережесінің сарапшысы; 7) саптық түзеу.

          7 «Ә» сынып оқушыларын атап айтатын болсақ: Капитан командасы- Құралбай Нұрқанат;  Бағыттаушы – Байғара Мағжан; Эрудит – Астанакулов Үсен; Велосипедшілер командасы – Избасаров Бексұлтан, Аралбаева Ақерке; Жол жүру ережесінің сарапшылары – Астанакулов Асан, Қожагельді Жания, Нұрмухамбетов Акежан; Жас санитар - Сапарғали Назгүл, Ержігіт Салтанат.

            Балалардың жол – көлік травматизмін болдырмау жұмысына қосқан үлестері және 2017 жылғы аудандық жас жол инспекторларының «Жас санитар»  номинациясы бойынша, Сапарғали Назгүл мен Ержігіт Салтанат қатысып, мектептер арасында мектебіміз I орын иегері атанып және де  алғыс хатқа жүлделі  болды. Ал, агитбригада көрініс көрсету немесе жол жүру ережесі бойынша өнер ұсынуы мақсатында  Астанакулов Үсен – өз туындысынан шығарған, жол жүру ережесіне арналған  өлең шумағын арнады. Ішкі Істер Министрлігінің қызметкерлері Астанакулов Үсенге жеке алғыс айтып, өз туындысы екенін атап өтті және де Ішкі Істер Министрлігінің жеке Мадақтамасына ие болды.  Мектебіміз осы Жас жол инспекторлар жарысына қатысқаны үшін алғыс хатқа иеленіп келді.





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь